Талдықорғандағы оқиға: оқушы қыздардың тағы бір видеосы тарады

Талдықорғандағы оқиға: оқушы қыздардың тағы бір видеосы тарады

Талдықорғандағы оқиға: оқушы қыздардың тағы бір видеосы тарады
ашық дереккөзі
Талдықорғанда оқушы қызды соққыға жыққан қыздардың енді жігітті ұрып, ақша талап еткен видеосы тарады.  Еgovpress осыдан бір ай бұрын оқушы қызды жабылып ұрған қыздарға қатысты тағы бір видео жарияланды. Видеодағы қыздардың бірі Құндыз жігітті ұрып-соғып, ақша талап етіп жатқанын анық көруге болады. Әзірге Жетісу облыстық Полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірмеді. Еске салсақ, Талдықорғанда мектеп оқушылары құрбысын ұрып-соғып, оны видеоға түсірген. Бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып, қызу талқыға түскен болатын. Полицияның бейнероликтің 9 қаңтар күні Талдықорғандағы пәтерлердің бірінде түсірілгенін анықтаған еді. Журналист Самал Қабышева қыздардың Талдықорған қаласының кешкі мектебінде оқитынын айтқан болатын.