Алматыда заңгерді ұрған адамның кім екені белгілі болды

Алматыда заңгерді ұрған адамның кім екені белгілі болды

Алматыда заңгерді ұрған адамның кім екені белгілі болды
ашық дереккөзі
50276
Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жығу дерегін прокуратура тексереді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Анна Дмитриевичтің айтуынша, ерлі-зайыпты кешкісін таксиге отырмақ болған. Сол сәтте оларға жас жігіт келіп, біреудің қызды аямай ұрып жатқанын айтып, көмек сұраған.
Біз қызды ұрып жатқан жігітті тоқтатпақ болдық. Қыз мені құшақтап, көмектесіңіз деп айқайлады. Сол сәтте жігіт бізге қол көтере бастады. Күйеуім қатты соққыдан жерге құлады. Ол тұрмақ болған кезде бұзақы оның басынан доп тепкендей тебе бастады. Сондай-ақ күрестің тәсіліне салып, оны бірнеше рет лақтырды, - деді Анна Дмитриевич.
Алматы қаласының Полиция департаменті бұл деректі Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Күдікті – әскери адам. Сондықтан қазір іс материалдарының мән-жайын анықтау үшін қалалық прокуратураға жіберілді, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары