Қазақстандықтар Түркия үшін 3 млн долларға жуық қаржы жинады

Қазақстандықтар Түркия үшін 3 млн долларға жуық қаржы жинады

Қазақстандықтар Түркия үшін 3 млн долларға жуық қаржы жинады
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия үшін үш миллион долларға жуық қаржы жинады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Қазақстандағы Түркия елшілігі Facebook-тегі ресми парақшасында жазды. «Қазақстанда соңғы 3 күнде жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жиналған 1 миллион 28 мың 706 доллар көлеміндегі қаражат AFAD-тың ресми шотына аударылды. Осылайша қайырымдылықтың жалпы сомасы 2 миллион 849 мың 836 долларды құрады», - делінген хабарламада. Айта кетейік, қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. БҰҰ мәліметінше, құрбандар саны 50 мың адамнан асуы мүмкін. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 7 ақпанда жер сілкінісі салдарын жою үшін Алматыдан Түркияға ұшып кетті. Жер сілкінісі елге 70 миллиард доллардан астам шығын әкелді.