Универсиада Алауы елордадан Алматы қаласына жеткізілді

Универсиада Алауы елордадан Алматы қаласына жеткізілді

Универсиада Алауы елордадан Алматы қаласына жеткізілді
ашық дереккөзі
Алматы Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың Алау эстафетасын салтанатпен қабылдап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен басталған Алау эстафетасын Алматыға Қазақстан құрамасының капитаны, биатлоншы Дәулет Раxымбаев алып келді. Алау эстафетасын Универсиада дирекциясының директоры Наиль Нуров салтанатпен қабылдап алды.  «Маған Алауды Алматыға жеткізу аманат етіп тапсырылды. Алауды сіздерге тапсыру мен үшін мәртебе»,  - деді Дәулет Рахымбаев.  Енді арнайы шыны құтыда жеткізілген Алау Атлеттер ауылындағы Алау сақтау қоймасында 29 қаңтарға дейін сақталады. Барлық аймақтан жеткізілген алаулар 29 қаңтар  күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде біртұтас тостағанда тұтанады. Алматыға Алауды жеткізген мәртебелі меймандардың бірі ҚР Мәдениет және спорт министрілігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов Универсиада қатысушыларына сәттілік тіледі.  «Құрметті спорт сүйер қауым, сіздер тарихи сәттің куәсі болып отырсыздар. Елбасының қолынан алған Универсиада алауы Алматыға жетті. Құтты болсын. Дәулет Рахымбаевқа және Қазақстан құрамасына жетістікке жетуді тілейміз», - деді Елсияр Қанағатов. Айта кетейік, Астанада басталған алау эстафетасында Елбасы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының капитаны биатлоншы Дәулет Раxымбаевқа еліміздің Туын табыс етті.  Раxымбаев Қазақстан құрамасы жарыстарға толығымен дайын екендігін баяндады.  Эстафетаға барлығы 1 мыңға тарта алаугер қатыспақ. Жалпы алау эстафетасы 22 500 шақырымды еңсереді деп жоспарланған.