50308
Электр желісіндегі апат: Қазақстанның алты облысы жарықсыз қалды
Электр желісіндегі апат: Қазақстанның алты облысы жарықсыз қалды
Бүгін таңғы сағат 9:22-де Екібастұз-Ағадыр 500 кВ Л-7170 электр беру желісі ажыратылды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады деп жазды turkystan.kz.
Соның салдарынан Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында 600 МВт, шамамен тұтынушылардың 10%-ы жарықсыз қалған.
«KEGOC» АҚ электр желілерінің апатқа қарсы автоматикасы штаттық режимде жұмыс істеп, соның арқасында Қазақстанның оңтүстігі мен орталық өңірінде тұтынушылардың толықтай жарықсыз қалуының алдын алған.
Қазіргі уақытта электр қуатынан ажыратылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында оңтүстік өңірдің электр станцияларын толық жүктеу жұмыстары жүргізілуде.
«Электр беру желісіндегі зақымдануды анықтау және жою үшін жөндеу бригадалары барған», - делінген хабарламада.