50298
Түркияның Қазақстандағы елшілігі халыққа үндеу жасады
Түркияның Қазақстандағы елшілігі халыққа үндеу жасады
Түркияның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жолдады. Елшілік Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қажетті заттардың тізімін атады деп хабарлады turkystan.kz.
«Жер сілкінісінен кейінгі бірінші кезектегі қажеттіліктер мен логистикалық мүмкіндіктерге байланысты, біздің елшілікке / Бас консулдыққа көрсетілетін көмек тек төменде келтірілген материалдармен шектелсе деген өтінішіміз бар», - делінген хабарламада.Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін келесі заттар қажет:
- шатырлар,
- генераторлар,
- жылытқыштар,
- көрпелер
- ұйықтайтын сөмкелер.