Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан 3 адамды аман алып шықты

Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан 3 адамды аман алып шықты

Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан 3 адамды аман алып шықты
ашық дереккөзі
50220
Түркияның Нурдагы қаласында қазақстандық ТЖМ құтқарушылары үйінділердің астынан үш адамды шығарды деп хабарлады turkystan.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екінші эшелон Түркияға келген сәттен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары тәулік бойы құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Екінші эшелон үшін іздеу орны Нурдагы – Газиантеп қаласынан 69 шақырым жердегі толығымен қираған ғимарат бекітілді. Бұл нысанда қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстарын жүргізді», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстары орындалды.
«Жедел және сауатты іс-қимылдың, сондай-ақ зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгін түнде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды – ер адам мен екі әйелді шығаруға мүмкіндік туды», – деді ТЖМ өкілдері.
Құтқарылғандар дереу медициналық қызметтеріне жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары