Ақтауда Президент резиденциясын балалар қажеттілігіне беру бойынша жұмыс басталды

Ақтауда Президент резиденциясын балалар қажеттілігіне беру бойынша жұмыс басталды

Ақтауда Президент резиденциясын балалар қажеттілігіне беру бойынша жұмыс басталды
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы Президент резиденциясын балалардың қажеттілігіне беру бойынша жұмыстар басталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Президент резиденциясының нақты қандай орталық болатыны әлі белгісіз. «Біз мұны растаймыз. Осы іс бойынша жұмыс басталып жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі» делінген баспасөз мәліметі таратқан мәліметте. Қоғам белсенділері де бұл бастамаға оң баға беріп отыр. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен резиденцияны балалардың қажеттігіне беру өте құптарлық шешім деп ойлаймын. Осы арқылы Президент қоғамға балалар — біздің болашағымыз екенін білдіріп отыр. Балалардың болашағынан үлкен, маңызды ештеңе жоқ екенін осылай өз ісімен үлгі қылып көрсетіп отыр. Сондықтан мұндай бастаманы қолдап, бұдан басқа да ізгі бастамаларды жалғастыруға болады. Менің ойымша, балаларға жасалған қамқорлық шексіз болуы керек. Резиденцияны балалардың біліміне қажетті оқу-ағарту, дамыту, танымдық үйірмелері қылып ашса деген ойым бар», - деді Ұлттық құрылтай мүшесі Уайс Ерсайынұлы.