Танымал мәнерлеп сырғанаушы депутаттыққа кандидат ретінде тіркелді

Танымал мәнерлеп сырғанаушы депутаттыққа кандидат ретінде тіркелді

Танымал мәнерлеп сырғанаушы депутаттыққа кандидат ретінде тіркелді
ашық дереккөзі
50296
Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева депутаттыққа кандидат ретінде тіркелді. Енді спортшы алдағы саяси бәсекеде бағын сынап көрмек деп хабарлады turkystan.kz. Ол спортта жетістікке жеткен сәтте қолдау білдірген халыққа сенім артатынын, ел үмітін ақтайтынын жеткізді. «AMANAT» партиясынан Алматы қалалық мәслихатына депутаттыққа кандидат ретінде тіркелді. Элизабет Тұрсынбаева 2021 жылы спорттағы карьерасын аяқтаған болатын. Оның спорттан қол үзуіне жарақаты себеп болған.
«Жарақат салдарынан мамыр айының соңына дейін жаттығу жасауға жағдай болған жоқ. Қазір Қазақстанда жүрмін. Бұдан былай балаларды спортқа баулимын, өз тәжірибемді үйретіп, спортшылардың шеберлігін арттыруға көңіл бөлемін. Мәнерлеп сырғанауды дамыту жоспарымды іске асырудың сәті келді», – деді Элизабет Тұрсынбаева.

Серіктес жаңалықтары