Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды

/
Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берді деп хабарлады turkystan.kz. Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады. Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.  width= ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.  width=
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары