Атырауда 2 баласын сатқан әйел ұсталды

Атырауда 2 баласын сатқан әйел ұсталды

Атырауда 2 баласын сатқан әйел ұсталды
ашық дереккөзі
Атырауда БҚО-ның 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз балаларын сатты деген күдікке ілінген деп хабарлады turkystan.kz «Ақ жайық» басылымына сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, әйел бала сатып алушыларды өзі тапқан. Ол 1 және 2 жастағы екі баланы сатты деген күдікке ілініп отыр. Оларды қаншаға сатқаны әзірге белгісіз. Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша соталды тергеу басталды.