Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының өкімімен Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов 1980 жылы дүниеге келген.Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» профилі бойынша PhD докторы. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау департаменті директоры лауазымын атқарған.