11 жасар қызды әкесі ұрып, намаз оқуға мәжбүрлеген

11 жасар қызды әкесі ұрып, намаз оқуға мәжбүрлеген

11 жасар қызды әкесі ұрып, намаз оқуға мәжбүрлеген
ашық дереккөзі
Атыраулық ер адам 11 жасар қызын ұрып-соғып, дұға жасауға мәжбүрлеген. Әкесінен зәбір көріп, үйінен қашып кеткен жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайында өзін бейімдеу орталығының қызметкерімін деп таныстырған Дильназ Әділжанқызы әлеуметтік желіге жазды. Оның айтуынша, 11 жасар қыздың анасы түрмеге түскен. Бостандыққа шыққан соң балаларынан бас тартып, отбасынан кетіп қалған. «Былтыр жасөспірім қыз әжесінен ауруханаға апаруды өтінген. Аурухана дәрігерлері жасөспірімнің денесінен жарақатты, көгерген дақты, қабырғасы сынғанын анықтаған. Ол кезде бала дәрігерлерге ештеңе айтпаған. Ал, биылғы қаңтарда сыныптасының әкесінен көмек сұраған. Ол жасөспірімді полицияға жеткізген. Полиция қызметкерлері әкесінен қорлық көрген қызды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды», - дейді Дильназ Әділжанқызы Facebook парақшасында. Қазір психологтар қорлық көрген жасөспіріммен жұмыс істеп жатыр. Ал полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.