Атыраулық әйел баласын аукционмен сатып жіберген

Атыраулық әйел баласын аукционмен сатып жіберген

Атыраулық әйел баласын аукционмен сатып жіберген
ашық дереккөзі
Атыраулық әйел сәбиін аукционмен сатып жіберген. Ол баланың әкесіне нәрестенің қайтыс болғанын айтып, өзі сатып алушыларды іздепті деп хабарлады turkystan.kz astanatv арнасына сілтеме жасап. Екі сатып алушыны тауып, көбірек ақша берген адамға баласын ұстатып жіберген. Безбүйрек ана Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны. Тіпті келіншектің бұған дейін де баласын сатқан болуы мүмкін деген ақпарат бар. Полиция департаменті ақпаратты растады. Қазір «Кәмелетке толмағандардың саудасы» бабымен іс қозғалды. Күдікті әзірге баласының жанында, бостандықта.
«Қазір 1991 жылы туған күдіктіге қатысты ҚК 135-бабы, 2-бөлігі,2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды балаға және анасына. Сондай-ақ қазіргі таңда куәгерлерден жауап алынды. Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.