10 мыңыншы қазақстандық шетелден алып келген көлігін заңдастырды

10 мыңыншы қазақстандық шетелден алып келген көлігін заңдастырды

10 мыңыншы қазақстандық шетелден алып келген көлігін заңдастырды
ашық дереккөзі
Көкшетау тұрғыны өз көлігін заңдастырған он мыңыншы адам болды деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, 31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген. Бүгін ер адам өзінің көлік құралын заңдастырып, қазақстандық техпаспортты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды. Айта кетсек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Өтінім беру тәсілдері: - eGov.kz үкімет порталы арқылы; - екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы; - ХҚКО арқылы. Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс.