Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023

Алматыда 2 автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

Алматыда 2 ақпан күні сағат 08:30-да әл-Фараби даңғылында көлік апаты болды. Екі қоғамдық көлік соқтығысты деп хабарлады turkystan.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан.

Алдын ала деректерге қарағанда, алты адам дене жарақатын алды.

Жол апатының дерегін Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button