КАЗГЮУ білім беру бойынша британдық сапа белгісін алады

КАЗГЮУ білім беру бойынша британдық сапа белгісін алады

КАЗГЮУ білім беру бойынша британдық сапа белгісін алады
ашық дереккөзі
Лондонда Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы шеңберінде КАЗГЮУ-дің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев QAA британдық аккредитациялық агенттіктің Халықаралық және кәсіби қызметтер бойынша директоры Эдуардо Рамоспен жоғары білім саласындағы сапаны бағалау бойынша келісім жасады. «Бұл серіктестік британ (халықаралық) сапа белгісін алуға негіз болады», - деді Талғат Нәрікбаев. Британ делегациясының басшысы, Премьер-министрдің сауда уәкілі Баронесса Николсон Қазақстанның ең мықты жоғары оқу орындарының бірі - КазГЮУ-дің QAA-мен келісімі өте маңызды екенін атап өтті. «QAA аккредитациясы – қазақстандық жоғары оқу орындарының британдық сапа стандарттарына сәйкес келуінде маңызды көрсеткіш», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Айта кетейік, бұған дейін университет FIBАА еуропалық тәуелсіз агенттіктің институционалдық аккредитациясын алған. Біріккен Корольдікке сапар барысында КАЗГЮУ делегациясының Оксфорд университетінің Ислам зерттеулері орталығы, Кембридж университетінің құқық факультеті, білім беру саласындағы ынтымақтастық құрылымы (Cambridge Education Partnership) басшылығымен кездесулер жоспарланған. Аталмыш университетте бес мыңнан астам қазақстандық және шетелдік студент халықаралық рейтингтік агенттіктердің бағасын алған 40-қа жуық оқу бағдарламасы бойынша оқиды. Жоғары оқу орнының оқытушы-профессорлық құрамында әлемнің жетекші университеттерінің түлектері, шетелдік танымал ғалымдар мен жас зерттеушілер бар.