Елімізде 12 мыңнан астам адам «Enbek» қосымшасын жүктеген

Елімізде 12 мыңнан астам адам «Enbek» қосымшасын жүктеген

Елімізде 12 мыңнан астам адам «Enbek» қосымшасын жүктеген
ашық дереккөзі
«Enbek» қосымшасы іске қосылғалы бері 12 мыңнан астам адам оны жүктеп алды деп хабарлады turkystan.kz. Enbek.kz порталының мобильді қосымшасы Электрондық еңбек биржасындағы жұмыспен қамту саласы бойынша смартфонның көмегімен қызметтерді алуға мүмкіндік береді.
«Enbek.kz» мобильді қосымшасы сайтпен толықтай синхрондалған, бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа орналасуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға мүмкіндік береді», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
Мәселен, мобильді қосымша арқылы 6,2 мың адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелсе, ал 5,7 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның ішінде 200-ден аса жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға өтініш білдіріп, әлеуметтік жәрдемақы алды.
«Сондай-ақ қосымшаның көмегімен мемлекет тарапынан субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына орналасуға болады. Олар: әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, сонымен қатар «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары бойынша бос жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.
«Enbek.kz» мобильді қосымшасы қолданушылар қызықтырған бос жұмыс орындарына жауап беріп, жұмыс берушілерден шақырту ала алады. Push-хабарландыру функциясының көмегімен түйіндемені қараған және оған жауап берген ақпаратты, сұхбатқа шақыру және жұмыс берушінің сұхбат нәтижесі бойынша шешімін жіберіп алмауға мүмкіндік береді.