Неге Норвегия әлемдегі ең керемет ел? – 5 белгісі

Неге Норвегия әлемдегі ең керемет ел? – 5 белгісі

Неге Норвегия әлемдегі ең керемет ел? – 5 белгісі
ашық дереккөзі
Норвегия туралы дерек көп. Әсіресе, әлемдегі «ең керемет», «ең үздік», «ең бақытты ел» деген тақырыпта түрлі материал тауып алуға болады. Біз сіздерге Норвегияның не үшін әлемдегі ең керемет ел екенін түсіндіретін 5 ерекшелігін ұсынамыз.  width= Халықтың өмір сүру деңгейі Норвегиядағы халықтың жағдайы өте жақсы. Мұнда өмір сүру деңгейі ғана емес, оның сапасы да бірінші орында. Денсаулық, білім саласы толық тегін. Халықтың бақытты өмір сүруі үшін мемлекет барлық жағдайды жасаған әрі кедейлік деңгейі өте төмен.  width= Көз тартатын табиғаты Норвегияның табиғаты тұнып тұрған түрлі-түсті пейзажымен ерекше. Мұнда мұздықтар да, орман да бар. Дәл осы сұлулығымен де саяхаттап келушілердің тек қана жақсы пікірін қалдырады.  width= Тұрақты даму – басты бағыт Мемлекеттің басты саясаты – тұрақты даму. Соның ішінде даму мен жаңа технологияға деген көзқарастары ерекше. Бұдан бөлек, көмірқышқыл газынан бас тартып, қоршаған ортаны сақтауға ел болып баса назар аударады.  width= Гендерлік теңдік Норвегия - әлемдегі гендерлік теңдік мәселесінде ең үздік елдердің бірі. Еңбекақы төлеу, қызметкердің құқығы мен балаға көңіл бөлу үшін еңбек демалысын беру секілді мемлекеттік саясатымен оқ бойы озық тұр.  width= Қылмыс аз ел Норвегияда қылмыстық оқиғалар өте сирек кездеседі. Мемлекет саясаты қылмыстың алдын алу үшін барлық бағдарламаны қарастырған. Дүние жүзіндегі ең қауіпсіз елдердің бірі. Сондықтан саяхатшылардың осы елді таңдауы бекер емес.