Қазақстанға визасыз келген шетелдіктер елде 30 күн бола алады

Қазақстанға визасыз келген шетелдіктер елде 30 күн бола алады

Қазақстанға визасыз келген шетелдіктер елде 30 күн бола алады
ашық дереккөзі
Шетел азаматтарының Қазақстан аумағында жүріп-тұру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Толығырақ Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтып берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Елімізде 27 қаңтардан бастап жаңартылған көші-қон ережелері күшіне енді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстанға визасыз келген шетелдіктер елде 30 күн бола алады. Алты ай ішінде визасыз шетел азаматтарының елде болу мерзімі 90 күннен аспауы керек. Ал ЕАЭО (Еуразия экономикалық одағы) азаматтары үшін 180 күн ішінде 90 күннен аспайды. Бұрынғы талапта бұл мәселе реттелмеген. Яғни, шетелдіктер Қазақстанда жүріп-тұру мерзімі аяқталғаннан кейін елден кетіп, қайта келіп, мерзімді жаңарта алатын еді», –  деді Шұғыла Тұрлыбек.
Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, жаңа ережелердің уақытша тұру рұқсаты немесе визасы бар шетелдіктерге қатысы жоқ.
«Ереже «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 6-бабына сәйкес келтірілген. Шетел азаматтарының Қазақстанда жүріп-тұру ережесін бұзу фактісі анықталған жағдайда шекара қызметі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 48-бабына сәйкес шара қолданады», – дейді ол.