Атырау қаласының маңындағы Еркінқала елдімекенінің маңында көлік апатынан кісі өлімі болды деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Көлік апаты 29 қаңтар күні сағат 18:30 шамасында Атырау қаласының маңындағы Еркінқала елдімекенінің маңында болған. Мотоцикл мен КамАз көлігі соқтығысып, оқиға орнында мотоцикл тізгіндеген жүргізуші қаза болды. Жүк көлігі блок артып келе жатқан", - делінген хабарламада.Қазіргі сәтте осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.