БҚО-да тұрғындарды малға теңеген ауыл әкіміне сөгіс беріле ме?

БҚО-да тұрғындарды малға теңеген ауыл әкіміне сөгіс беріле ме?

БҚО-да тұрғындарды малға теңеген ауыл әкіміне сөгіс беріле ме?
ашық дереккөзі
БҚО бойынша әдеп жөніндегі кеңес отырысында Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиевтің тәртіптік ісі қаралды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Кеңес отырысында мәлім болғанындай, Б.Аманғалиевтің журналиспен сұхбат кезінде «Халықты несіне тыңдайсыңдар? Халық қазір мал болып кетті ғой» деген сөзі әлеуметтік желіде тарап кеткен. Осылайша Б.Аманғалиев тұрғындарды малға теңеп, мемлекеттік қызметшінің Ар-намыс кодексін бұзған. Дегенмен Бәйтерек ауданы әкімі аппараты берген қызметтік мінездемеде оның тәртіптік жазасы жоқ, сауатты маман, іскер басшы екендігі көрсетілген. Сондай-ақ тұрғындардан ауыл әкімін жақсы қырынан сипаттаған хат та түскен. Б.Аманғалиев кеңес отырысында бұл жағдайдың өткен жылы 7 желтоқсанда орын алғандығын, Махамбет ауылының сол күні электр жарығынсыз, ал Горбунов пен Павлов елді мекендерінің газсыз қалғандығын айтты. Сондай қиын сәтте аңдаусыз айтып қалғанын, сол үшін тұрғындар алдында кешірім сұрағанын жеткізді.
«Тәртіптік істі қарау нәтижесінде Б.Аманғалиевке сөгіс беру туралы ұсыным Бәйтерек ауданы әкіміне жолданды», - деп хабарлады әдеп жөніндегі кеңестен.