Жексенбі, 2 Сәуір, 2023

Атыраудағы №75 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің арыз-шағымы тыңдалды

Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Алмаз Әбілдаев Қылмысты-атқару жүйесі департаментіне қарасты жергілікті №75 түзеу мекемесінің жай-күйімен танысты.

Ол аталған аумақтағы жазасын өтеуші азаматтармен кездесу барысында олардың өтініш-тілектерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Өз кезегінде мекеме басшысы, әділет подполковнигі Д.Таженов түзеу колониясындағы ахуалды баяндады.

Сонымен қатар мұндағы жазасын өтеушілердің құқықтарының бұзылуына, сондай-ақ азаптау-қорлау жағдаяттарына жол бермеу мақсатында ішкі тәртіп мәселесі жіті қадағаланатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button