Биатлоншы Бекентай

Биатлоншы Бекентай

Биатлоншы Бекентай
ашық дереккөзі
Бір апта бұрын АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өт­кен Қысқы универсиадада қа­зақ­стандық студенттер үш алтын, төрт кү­міс және төрт қола еншіледі. Осы­лай­ша, олар әлемнің 50 елінен келген студент­тер арасында жалпыкомандалық есепте он бірін­ші орынға тұрақтады. Қоржындағы үш ал­тынның екеуін екі жас биатлоншының салуы біз­дегі биатлон спортының болашағы жарқын бо­латынын көрсетіп берді. 15 шақырым қашықтықта жекелей жарыста Вадим Куралес алтын жүлдені еншілесе, 10 шақырымға спринт жарысында Бе­кен­тай Тұрлыбеков ешкімге дес бермеді. Бір қы­зығы, біз алғашқы алтынды қоржынға сал­ған Бекентай екен деп ойлап, оған ыстық ле­бізімізді білдіріп, хат жазғанда ол «Ештеңе ет­пейді. Бірақ жеңімпаз мен емес қой» деп жауап қатқан еді. Арада екі күн өткен соң расы­мен чемпион атанған ол «Енді мені расы­мен құттықтасаңыз болады!» деп қуа­ны­шын жасырмады. Универсиада біте сала Швейцариядағы Еуропа ашық чем­пионатына аттанған Бекентайға ха­бар­ласып, шағын сұхбат алған едік. – Бағамдап қарасақ, біздегі қыс­қы спорт түрімен айналы­са­тын­дардың көбі қысы ұзаққа со­зылатын аймақтарда туып-өс­кен. Ал сен қай жақ­тан бо­ла­сың? Шаңғы спор­ты­на емес, не­ліктен биатлонға әуес болдың? – Мен – Солтүстік Қазақстан об­­­лысы Айыртау ауданына қарасты Иман­тау ауылының тумасымын. Біз жақ­та жарты жыл бойы қар жатады. Сон­дықтан онда туып-өскен балалар ерте жастан шаңғы тебумен айна­лы­са­ды. Сол секілді мен де алдымен шаң­ғы тебуді үйрендім, сосын ата-анам­мен қысқы спорттың қай түріне шын­дап кірісу туралы ақылдасқан кез­де таңдауым биатлонға түсті. Сөй­тіп, 7 жасымнан бастап бұл спорт­пен ай­налыса бастадым. Бү­гінде ұлттық құра­маның бас бапкері қыз­метін ат­қарып жүрген Александр Мухин мен алғашқы бапкерім Сәуле Мухина екеуі мені бұл спортқа баулып, жа­ны­ма серік етуге ықпалын тигізді. «Не­ліктен биатлонға әуес болдың?» де­генге келсем, бұл болжап-білуге бол­майтын спорт болғандық­тан оған қатты қызықтым. Байқа­саңыз, мұн­да соңғы межеге дейін кімнің жеңім­паз атанатыны белгісіз. Спорт­шы құйындатып шаңғы теуіп қана қой­май, құралайды көзге атқан мер­ген секілді болуы керек. Ол үшін жа­рыс бойы эмоцияға берілмеген аб­зал. Ату алаңына келгенде жүрегің­нің соғу жиілігі 160-170-ті көрсетіп тұр­­са да, сабырлық сақтап, салқын­қан­­дылық танытуың тиіс. Сон­дық­тан әдет­те ату алаңдарында жарыс ба­сын­да алдыңғы шепке шыққан көш­бас­шылар ауысады да, көрер­мендер мә­ре сызы­ғына дейін кімнің айы оңы­нан туып, оза ша­уып келетінін біл­­мей, дал болады. Бұл кім­ді болса да қызықтырмай қой­­май­тыны анық. – Универсиададағы жетіс­ті­гіңнен кейін берген бір сұхба­тың­да ал­тын жүлде алуыңды күт­пеген жағ­дайға теңедің. Неге? – Бұл – халықаралық жарыс­тар­да­ғы алғашқы медалім. Оған дейін мен Қазақстан чемпионатында биат­лон­нан бірнеше сында жеңімпаз жә­не жүлдегер атанған болатынмын. Шы­нымды айтсам, Универсиадада жа­рыс нәтижесі бойынша жеңімпаз атан­ғанда қатты таңғалдым. Әлбетте, қуа­нышымда шек болмады. Әйтеуір бір жүлдеге ілінермін деп үміттендім, бірақ бәрін басып озып, чемпион ата­намын деп ойламадым. Жарыс бойы қарқынды ұстап тұруға қасым­да жүгіріп жүрген бапкерлер мен команда менеджерлерінің көмегі көп тиді. Тағы бір айта кетерлігі, бұл жо­лы ату жаттығуын мүлтіксіз орын­да­дым. Барлық нысанаға дәл тигіздім. Сайыс кезінде толассыз қар жауған­дық­тан жарысқа араласу бізге қолай­сыз болды, дегенмен ату сайысында бірде-бір рет мүлт кетпегендіктен бірін­ші орынды соңына дейін сақтап тұрдым. Универсиада кезінде мені қол­дағандар да жақсы өнер көр­сетуі­ме септігін тигізді. Онда АҚШ-тағы Қа­зақстан елшісімен кездесу ұйым­дастырылды. Елшілік қызметкер­лері­нің қолдауы ерекше серпін беретіні айт­паса да түсінікті. Сондай-ақ универсиада кезінде біздің шаң­ғы­шы­лармен жолай кездесіп, бір-бірі­мізді қолдап жүрдік. Бірақ жат­тығу жұ­мысынан қол тиме­ген­дік­тен басқа спортшы­ларымызға қол­дау білдіре алмадық. – Универсиадада біраз азулы қар­­сыласты артқа тастап, жеңіс тұ­ғырына көтерілген сенен же­тіс­тікке жетудің басты форму­ла­сын сұрауымыз әбестік болмас. – Негізі, спортшының жетістікке же­туіне көп фактор әсер етеді. Ең әуелі, бағын аша білген бапкер, сосын ко­манда ішіндегі ахуал күшті ықпал етеді. Былайынша, көп нәрсе спорт­шы­ның өзіне байланысты. Біздің спорт­та сенің басты қарсыласың – өзің. Шаңғыны жақсы тепкеніңмен, нысанаға дәл тигізе алмай, ату сайы­сында «құртып» алсаң, жарыс орта­сы­на дейін жинаған жетістігің құр­дымға кетеді. Біз әр жарыс сайын өт­кен жарыстағыдан да жақсы нәти­же көрсетуге тырысамыз. Сондықтан жетістіктің басты формуласы бір орын­да тұралап қалмай, әркез алға қа­рай ұмтылу деп білемін. – Вадим екеуіңнің жетісті­гіңнен кейін спортсүйер қауым біздегі биатлон спортының да­муы­на көңілі толатынын, сен­дер­ге үлкен сенім артатынын ай­тып, сүйінші сұрағанын бай­қа­дық. Өзің Қазақстандағы биат­лон спор­тының ілгерілеуін қа­лай ба­ға­лайсың? – Қазақстанда биатлон спорт­шы­ның болашағы зор деп айта ала­мын. Биатлон десе ішер асын жерге қоятын өскелең ұрпақ өсіп келе жат­қаны қуантады. Байқасаңыз, қа­зір бізде әлемдік деңгейдегі ірі жа­рыс­тар өткізілетін болды. Мысалы, биыл наурыз айында Щучинскіде жас­тар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтеді. Мұның өзі отан­дық спортшыларды жігер­лен­дір­мей қоймайтыны анық. Бірнеше жыл бұрын ұлттық командада түбе­гей­лі өзгеріс болғандықтан, құрама қатары жас спортшылар мен білікті бап­керлермен толықты. Біздің бап­керлердің біліктілігі жоғары, олар үне­мі спорттық тестілеулер өткізіп, жұ­мыс істеудің жаңа әдістемесін ен­гізіп, жанталасып жүр. Жаттығу жиын­­­дарына тың дүниелер мен өз­ге­рістер енгізу ұзақмерзімді процесс еке­ні анық. Қазір мұның жемісі ре­тінде түрлі жарыстарда бірте-бірте көңіл қуантарлық нәтижелер тірке­ліп жатыр. Негізінен, біздің жасөс­пі­рім спортшылар өз бабында екенін дә­лелдеп, мықтылығымен көзге түсіп жүр. Мен қазір ол құра­мадан ересек­тер коман­дасына өттім. Десе де, біз де ха­лы­қаралық сайыс­­тар­да ме­даль алу­дан жасөс­пірім­­дер­ден қалыс­пай ке­леміз. – «Ге­не­рал болу­ды арманда­май­­тын сарбаз бол­­майды» де­мек­­­ші, қа­зір­гі бар дайын­­­дық үш жыл­­­­дан соң Ита­лияда өтетін Қыс­­­­қы Олимпиада ойындарына ірік­­телуге бағыт­талған шығар? – Әлбетте, құрамадағы барлығы­мыз 2026 жылы Италияда өтетін Қыс­қы Олимпиада ойындарына ірік­теу жарыстарына қатысуды көз­деп отырмыз. Олимпиадаға дейін IBU кубогі мен әлем кубоктарында жеңіс тұ­ғырына көтерілгім келеді. Дәл қа­зір біз құрамамен бірге Еуропа ашық чемпионатына қатысу үшін Швейца­рияға келдік. Мұнда да топ жаруды көз­деп отырмыз. Сосын командамен бірге Германияда өтетін әлем чем­пионатына қатысамыз. Одан кейін маусым аяқталады. Со­сын қайта дайын­дық жұмыстарына кірісеміз. Жаз бойы роллермен жат­ты­ғамыз. Қысқы спорт түрімен айна­лыссақ та, жазда тыңғылықты жат­тығу жұмыс­тарына қатысамыз. Сондай-ақ қазір мен магистратура бөлімінде оқимын. Сондықтан оқуға да көңіл бөліп, дипломдық жұмы­сым­ды толықтыра түссем деймін. – Әңгімеңе рақмет!

Әңгімелескен Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ