Танымал әнші-композитор Сейіл Аяған дүниеден өтті

Танымал әнші-композитор Сейіл Аяған дүниеден өтті

Танымал әнші-композитор Сейіл Аяған дүниеден өтті
ашық дереккөзі
Белгілі әнші-композитор Сейіл Аяған 52 жасқа қараған шағында қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.
«Берісі Қарағанды, әрісі Алаш жұрты ақ жүрек азаматынан, айтулы әншісінен айырылды. Өткенде Ерлан ағаның кешінде соңғы кездескен екенбіз. Жылы ғана жымиып, қоштасып едік. Өмір осы. Жаныңыз жәннатта болсын, Сейіл аға! Алла панасына алсын! Періштелер өзіңіздей жылы жымиып, жұмақ төрінен орын ұсынсын!» деп жазды Жанат Жаңқашұлы Facebook желісінде.
Әнші «Жас қалам», «Таң самалы», «Бала махаббат», «Жіберілген хат», «Қандай сұлу дүние» және тағы да басқа хит әндердің орындаушысы. Әншінің туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтамыз!