Үкіметтік емес ұйымдарда 28 мың адам жұмыс істейді

Үкіметтік емес ұйымдарда 28 мың адам жұмыс істейді

Үкіметтік емес ұйымдарда 28 мың адам жұмыс істейді
ашық дереккөзі
Үкіметтік емес ұйымдарда 28 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.
«Үкіметтік емес ұйымдар нақты әлеуметтік жұмыстармен қамтудың секторы болып келеді. Соңғы үш жылда ҮЕҰ 5000-нан астам әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырды. Министрлік ҮЕҰ-ның одан әрі дамуы үшін жағдай жасап отыр. Қаржыландырудың жаңа түрі енгізілді. Гранттық қаржыландыру операторы құрылды. ҮЕҰ деректер базасы жасалды. Ол үкіметтік емес ұйымдар қызметін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді», — деді министр. Оның айтуынша, министрлік әлеуметтік жобалардың тиімділігін арттыру үшін заңға түзетулер енгізуге бастамашы болған. Айта кетейік, Қазақстанда 18092 үкіметтік емес ұйым тіркелген.