Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ербол Хамитов жеңімпаз атанды, - деп хабарлады turkystan.kz. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ербол Хамитов парашаңғыдан спринт қашықтығында 2:44,23 нәтижемен алтын медаль жеңіп алды. Украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды. Бұл – Ербол Хамитовтің осы біріншіліктегі екінші жүлдесі. Ол әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдеге қол жеткізген еді.