25-26 қаңтарда «Өңірлік мерзімді басылымдар» форумы өтеді

25-26 қаңтарда «Өңірлік мерзімді басылымдар» форумы өтеді

25-26 қаңтарда «Өңірлік мерзімді басылымдар» форумы өтеді
ашық дереккөзі
25-26 қаңтар күндері Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Өңірлік мерзімді басылымдар» форумы өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
Ведомствоның мәліметінше, форумға өңірлерден екі жүзден аса журналист, бас редакторлар мен медиа менеджерлер келіп қатысады.
Өңірлік журналистика соның ішінде баспа журналистикасының соңғы жылдары көтеріп жүрген мәселелері өте көп. Жиын барысында түйткілді мәселелерді шешу жолдары жан-жақты талқыланады деп күтілуде.
Форумда медиа әлемнің кәсіби журналистері және медиа менеджерлері бірнеше тақырыпта пікір алмасады. Оның ішінде:
- Жаңа жағдайдағы баспа БАҚ;
- Баспа ісі – шындықтың күші;
- Журналистиканың трансформациясы;
- Медиа менеджмент: сұраныс пен ұсыныс;
- Дәстүрлі және жаңа медиа.