Күнбағыс майын өндіру 62% артты

Күнбағыс майын өндіру 62% артты

Күнбағыс майын өндіру 62% артты
ашық дереккөзі
Өткен жылы елімізде күнбағыс майы өндірісі 62 пайызға өскен. Өсім тазартылмаған сұйық май өндіру есебінен артып отыр деп хабарлады turkystan.kz Energyprom ресурсына сілтеме жасап. Былтыр жыл ішінде күнбағыс майының бағасы 17%-ға дейін қымбаттаған. Қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 537,1 мың тонна күнбағыс майы өндірілді. 2021 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 62,2%-ға артық. Өсу қарқыны тазартылмаған күнбағыс майын шығару есебінен (2,1 есе) 376,7 мың тоннаға дейін қамтамасыз етілді. Ал тазартылған күнбағыс майын өндіру жыл ішінде 8,7%-ға, яғни 160,4 мың тоннаны құраған. Өткен жылы қаңтар-қазанда жергілікті компаниялар күнбағыс майына сұранысты (ішкі нарық және экспорт) 81,5%-ға қамтамасыз етті. Өндіріс көлемі 389,9 мың тоннаға жетіп, 2021 жылға қарағанда 47,1% артық, ал импорт 88,6 мың тоннаны құрап, өсім 28%-ға артты. Айта кетсек, күнбағыс майын экспорттау 2,5 есе, яғни 187,5 мың тоннаға дейін өскен. Бұл қолда бар ресурстың 40%-ға жуығы. Аталған өнімді ішкі нарықта сату 12%-ға (291,1 мың тонна) дейін өсті. 2022 жылы желтоқсан айының қорытындысы бойынша күнбағыс майы 0,4%-ға, ал жыл бойы 17,1%-ға қымбаттады. Өңірлер бойынша май бағасының қымбаттауы СҚО-да (10%), Қарағанды облысында 25,1%-ға жетті. Бағаның айтарлықтай өсуі Алматыда (23,4%) және Ұлытау облысында (22,1%) байқалды. Күнбағыс майының орташа бөлшек бағасы былтыр желтоқсанда литрі 910 теңге болды. Бағаның қымбаттауын әсіресе Қонаев (литрі 1024 теңге) пен Жезқазған облысының (1003 теңге) тұрғындары сезінді. Ал ең арзан күнбағыс майы Семей (литрі 777 теңге) мен Өскеменнің (литрі 783 теңге) еншісінде болды.