Қостанайда көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адам өртеніп кетті деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға орнынан түсірілген суреттерді басылымға оқырман жіберген. Ол жантүршігерлік жағдай 21 қаңтарда Қостанайдағы 8-шағынаудандағы №11 үйдің кіреберісінде болғанын айтқан.
«21 қаңтарда сағат 13:16-да 8-шағынауданнан коңырау шалынды. 10 қабатты тұрғын үйде баспалдақта қоқыс өртеніп кеткен. Сонымен қатар 9 және 10-қабаттар арасындағы баспалдақта өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Тұрғындарды эвакуациялау қажет болмады. Өрт 13:55-те ауыздықталды», - деді Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.