Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Свентекті ұтып, мансабында алғаш рет Australian Open-2023 турнирінің ширек финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Рыбакина екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты эйс жасады. Турнирдің жартылай финалына шығу үшін қазақстандық теннисші Кори Гауфф (АҚШ) - Елена Остапенко (Латвия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Жүктелуде...