Марапатқұмарлық мәртебе ме?

Марапатқұмарлық мәртебе ме?

Марапатқұмарлық мәртебе ме?
ашық дереккөзі
Бұрынырақта қайсыбір елдің әскери­лері «өзге планеталықтармен сұхбаты» барысында олардың жер тұрғындары тура­лы «адам­дардың миы даралануға бейім» дегенін мәлімдеген болатын. Оны жария­ла­ғандардың шындықты қаншалық дұрыс жет­кізгенін білмеймін, бірақ бұл ақиқаттан алыс емес. Себебі адамда эго деген нәрсенің бар екені, жетістікке жетуге, баюға ұмтылуға, өзге­лерге өз әмірін жүргізіп табындырып қоюға осы эго (қазақша тәкаппарлық, асқақтық, мен­мендік деген бірнеше ұғымның жиынтығы бо­лар) басшылық жасайтынын психология ғы­лымы да мойындайды. Шынын айту керек, марапат деген нәрсе бар халықтан та­­­былады. Қазақта ертерек кезде біреу­дің еңбегін сыйласа немесе аға­йын-туы­сы үшін құрмет көрсетсе, атақ­ты адам­дардың тұқымын қадірлеу белгісі ре­тінде ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі бол­ған. Сондай-ақ ел арасындағы дау­ды шешуде ешкімге бұра тартпай әділ­­дік жасағандарға «би», халықты қор­ғауда жанқиярлық жасаған ерлерге «ба­тыр», күрескенде жан шақ келтір­ме­ген қайратты жігіттерге «палуан» де­ген атақ берген. Арнайы рәсім жа­са­май-ақ ауызша айтылса да, халық оны мойындап, олардың есіміне би, батыр, палуан деген сөздерді қосып айтып, ұрпақ­тарын бидің тұқымы, батырдың ұрпағы, палуанның баласы (қызы) деп құрмет көрсетіп отырған. Бұл көшпелі елдің рухани дүниесінің бірлігі, жұрт­тың сөзге тоқтайтын мәрттігі болатын. Сөйтіп, қашан орысқа бодан болғанша халық осы тәртіпті сақтаған. Ал енді бүгінгі омырауға қадайтын (сон­дай-ақ мойынға алқа қылып таға­тын) төсбелгі, орден, медаль дегендер қа­зақ орыс империясының қоластына өтіп, олар өз билігін жүргізе баста­ған­ша бізде болмаған нәрсе. Бұрынғылар оған қалай қараған? Тарихи деректерге қарағанда, Сыр бойынан шыққан ұлт ба­ты­ры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы қара қазаққа тізесін батырған Хиуа, Қо­қан хандықтарының шапқыншы­лы­­ғынан құтылу үшін сол заманда қа­зақ даласын жаулап, Сыр бойына дейін жеткен Патша үкіметімен хал­қын қорғау үшін амалсыз одақтас­қан­да оған орыс әскерилері «жасауыл» (есаул, 1576-1775 жылдары Патша өкі­ме­тінің әскери шені, 1775 жылы обер-офицер, 1798-1800 жылдары әс­кер ротмистірі шенінен теңестірілген) әскери дәрежесін беріп, оның матаға ілінген сөлкебай-белгісін тапсырмақ бол­ғанда батыр оны қолына да ұста­май, қамшысының сабына іліп алып, ана­дай жерге тастай салған. Бұл жайын­да белгілі жазушы Молдахмет Қа­наз: «Жанқожа би, батыр атанғаны­мен ешуақытта билік пен байлыққа, атақ пен дәрежеге ұмтылмаған, қара­пайым да қоңырқай тірлік кешкен. Патша әскерімен қоян-қолтық соғы­сып жүріп ант ішпеген, жылына бел­гі­ленген 200 сом күміс ақшасынан «ең­бегім сіңген жоқ» деп бір тиын ал­маған. Патша әкімдеріне құлдық ұрма­ғаны үшін де 1853 жылы есаул ше­нінен алынып тасталған болатын» деп жазған еді (М.Қаназ. «Жанқожа ба­­тыр». Кітапта: Жанқожа Нұрмұхам­мед­ұлы. 2014 ж. 215-бет). Ал Шығыс Түр­кістанда қазақтың азаттығын қор­ғаған атақты Оспан батыр туралы Egemen Qazaqstan газетіне берген сұх­батында (2019 ж. 29 сәуір) Әскен Нә­биұлы былай дейді: «1944 жылы ба­тыр­ға Моңғол елінің басшысы Чой­балсан өз елінің ең жоғары наградасы «Қы­зыл Ту» орденін табыстайды. Ор­ден­ді олай-бұлай ұстап көрген батыр: – Мы­наны біздің жақта теңге дейді, мұ­ны қатындар шылауышына тағады, мен жылтырақ тағатын қатын емес­пін, – деп пеш түбінде тезек көсеп отыр­ған әйелге: – Мә, Бәтіш қарағым, мы­­­наны сен ала ғой, – деп лақтырып жі­беріпті». Міне, адамның бағасын қу те­мірмен бағаламақ болғандарға бұрын­ғы қазақ батырлары осылай жауап берген! Бірақ одан кейінгі дәуір­лердегі кейбір тарихта белгілі қа­зақ­тарға Ресей патшасы тархан (мысалы, Есет, Жәнібек тархан) атағын бергенде олар бас тартпаған сияқты. (Оны Ре­сей өкіметі Кавказ, Орта Азия, Қырым хан­дықтарынан шыққан әйгілі адам­дарға берген, тархан атанғандар алым-салықтан босатылған болатын). Тіп­ті, орыс патшасынан сондай мара­пат алу үшін оларға жағынған, алған марапатын тағынып күпініп өт­кен­дердің арасында тарихқа аты мәлім адамдар да аз емес. Сөйтіп, бірте-бірте қазақтар да омырауға тағатын орден-ме­далдарға бой үйрете бастаған. Ал Кеңес Үкіметі кезінде мұндай атақ-ма­рапаттарға қатты мән беріліп, орден-медалдары бар адамдар жұрттан биік саналған, олар мемлекет тарапынан ерек­ше бағаланған тұлғалар ретінде та­нылған. Кеңестік дәуірде мұндай атақ-марапаттарға неге сонша мән берілді? Себебі олар адам эгосын жақ­сы таныған. Кез келген кісінің өзгеден ерекшеленуге ұмтылатынын, өзін өзге­ден биік санауға биік тұратындар мем­лекет марапатын иеленсе, жан ая­май еңбек етіп, саясатты насихат­тауға белсене кірісетінін білді. Сөйтті де әскери, азаматтық, салалық мара­пат­тардың не түрін шығарып, әр ұжым­­нан шыққан белсенділерге соны ая­май таратып отырды. Мәселен, Кеңес Одағы кезінде түрлі салада жетістікке жет­кен азаматтарды марапаттайтын «Со­­­циалистік еңбек ері» атағын алған­дар алдыңғы үштігінде Ресей, Украина­дан соң Қазақстан тұр. Әрине, біздің ел­де ол кезде славян ұлты өкілдерінің са­ны басым болғаны белгілі. Мемлекеттік орден-медалдар­ға ие болу сол кез үшін же­тіс­­тік әрі үйреншікті жағдай саналатын. Мы­­салы, әскери адамдарды ешкім ор­ден-медальсыз елестете алмайтын. Адамды қойып қалалардың өзіне (Батыр қала деген сияқты) КСРО-ның ең жоғарғы наградасы берілген. Сон­дай-ақ ұйымдар (мысалы, БЛКЖО (ВЛКСМ) ұйымының 6 ордені бар еді), га­зет-журналдарға да орден берілетін. Кейбір орден алған адамдар, мысалы шо­пандар «орденді шопан» деп ерек­ше­леніп айтылатын. Әйтеуір, мате­риал­дық тұрғыда адам­дарды қарқ қыл­маса да, орден-медал­дармен арқа­дан қағып, мақтап қоятын Кеңес Үкіметі. Мынадай да оқиға болған: АҚШ-тың белгілі бір қару жа­саушы конструкторы Мәскеуге кел­ген сапарында кеңестік атақты қару жа­саушы Михаиль Калашниковті (Ка­лашников автоматын ойлап тап­қан) іздеп, арнайы кездесуге барыпты. Сон­да оның қарапайым үйде тұраты­нын, басы артық дүниесінің жоғын көрген әлгі америкалық «мен Калаш­ни­­­ковты миллиардер шығар, үлкен жеке үйде тұратын болар деп ойлап едім, қарапайым көптің біріндей тұр­мыс кешіп жатыр. Сіздер адамның ең­бегін бағаламайды екенсіздер» деп рен­жіп кетіпті ертіп барған адамдарға. Ол кезде қанша жеткен жетістігің, мем­лекетке тигізіп жатқан пайдаңның бәрі бір сөлкебай – медальмен ғана атап өтілетінін америкалық қайдан білс­ін. Әрине, кеңестік кезеңде «Со­циа­листік еңбек ері» се­кіл­ді жо­ғары атаққа қолы жеткендерге ар­нал­ған жеңілдіктер болатын, айлы­ғы­на ақша қосылып тұратын. Тіпті, ғы­лыми атағы барларға да айлықтан тыс бөлек ақша берілетін, академиктерге өмірлік зейнетақы тағайындалатын. Бірақ елдің бәрінің қолы оған қайдан жетсін. Солайша кеңестік дәуірде ха­лық үшін түрлі атақтың, сыйлықтың қа­дірі болды. Марапаты барларға үкі­мет те, халық та құрметпен қарайтын. Ал оның негізгі мақсаты адамдарды ең­бекке, жетістікке жетуге ынта­лан­дыру, саясатқа, идеологияға пайдасын тигізгендерді өзгелерден жоғары етіп көрсету еді. Сондықтан ол тұстағы ма­рапаттардың белгілі бір дәрежеде маңызы болды. Сөйтіп, азаматтардың бойына марапатқұмарлық әдет сіңді. 74 жыл бойғы идеология өз тарихынан өте аз хабардар қазақтарды да өзгелер секілді марапатқұмар қылып шығар­ды. Бірақ қазір соның маңызы бар ма? Өкініштісі сол, кеңестік идеоло­гия­ның сол бір адамдарды дәре­жеге бөліп қарауға мәжбүр ететін сол бір саясаты әлі де жалғасып келеді. Біздің елде де «Еңбек Ері, Халық қаһар­маны» секілді жоғары мемлекеттік ма­рапаттар мен қатар «Қазақстаннның ең­бек сіңірген қайраткері» атағы, көп­теген орден-медаль беру, сондай-ақ мемлекеттік сыйлық беру жалғасып ке­леді. Жыл сайын бізде көптеген адам орден-медальға ие болып жатады. Әрине, елге ерекше еңбек сіңірген адам­дарға сирек те болса атақ-мара­пат беріліп және қаржылық қолдау жасалып тұрған жөн шығар, бірақ ақын ауыл-аймағынан былайғы ел біл­мейтін адамдарға жаппай орден-ме­даль тарата беру қаншалық дұрыс? Жет­кен оңды жетістігі жоқ, бірақ омы­рауына «Ерен еңбегі үшін» атты ме­даль тағылып жатқан жастарды көр­генде таңғалмасқа шараң жоқ... Халықтың да марапатқұ­мар­лы­ғын жақсылап зерттеп алған ба, қазір «Ұлт мақтанышы», «Ел ардақ­ты­сы» секілді медальдарды, «Қазақ­стан­ның құрметті азаматы» секілді атақ­тарды сататын неше түрлі аты бел­гісіз қоғам көп. Сондай-ақ ака­де­мик атағын тарататын академиялар да бар екен. Айта берсек, әл-Фараби атындағы халықаралық сыйлығын (әри­не, көк тиын бермей, қолыңа рам­каға салынған диплом ұстата салады), «Планета үздігі» деген атақ беретін де «шығармашылық одақтар» бар. Бірақ сатып алған атақтың не пайдасы бар, оны ешкім мойындамаса? Алайда бойын­да кеңестік марапатқұмарлық әдет әлі қалмай келе жатқан қазақтың тоқ­тайтын түрі жоқ! Талай талантты адам атақсыз-ақ елдің есінде келе жат­қан жоқ па? Атақ сатып алып, өзімізді ал­дап қайтеміз? Бір кезде орыстың сөлкебайына қолын тигізбеген қазақтың ұрпа­ғы кеңесік кезде атақ үшін бір-бірі­нің жағасынан алып, алтыбақан алауыз болса, бүгінде соны сатып алып омы­рауына тағады. Бұдан тыйылу да, оны тыю да қажет-ау...