Бүгін 12 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 12 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 12 қалада ауа сапасы нашарлайды
ашық дереккөзі

Қазгидромет Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

20 қантар күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.