Қиып түскен: батпырауық фестивалі 6 адамның өлімімен аяқталды

Қиып түскен: батпырауық фестивалі 6 адамның өлімімен аяқталды

Қиып түскен: батпырауық фестивалі 6 адамның өлімімен аяқталды
ашық дереккөзі
Үндістандағы батпырауық фестивалі қайғылы жағдаймен аяқталды. Алты адам қайтыс болған, үшеуі - бала. Оқиға осыдан бір апта бұрын Үндістанның Гуджарат штатында өткен Халықаралық фестивальде болған. Жергілікті CNA агенттігінің жазуынша, батпырауықты көкке көтеріп, жібермей ұстап тұрған қармаққа арналған жіңішке жіп алты адамның тамағына оратылып, қиып түскен.
"Оқиғаның басты себебі, батпырауыққа тағылған жіптің сырты әйнекпен қапталған. Бұл ең оңай әрі қолжетімді зат болған соң, оған тіпті тыйым салынғанына қарамастан пайдаланған" деп жазды басылым.
Қайғылы оқиғада тек адамдар ғана қайтыс болмаған, айналада жүрген аңдар мен көкте ұшқан құстар да өлген.