Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Жандарбек Төребеков тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жандарбек Төребеков 1994 жылы туған. Жоғары білімі бар. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі алты жылдан асады. ⠀ Ол еңбек жолын Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік қызметкер болып бастаған. Әр жылдары Ақсу қаласы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы, Ақсу қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған. Бұл уақытқа дейін Жандарбек Төребеков Павлодар облысы әкімі аппаратының хаттамалық-ұйымдастырушылық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымында еңбек еткен.
Жүктелуде...