Білім беру қызметі бір жылда 15%-ға қымбаттады

Білім беру қызметі бір жылда 15%-ға қымбаттады

Білім беру қызметі бір жылда 15%-ға қымбаттады
ашық дереккөзі

2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша білім беру қызметтері бір жылда 14,5% қымбаттады деп хабарлады turkystan.kz. Ranking.kz сайтының мәліметінше, ең жоғары баға өсімі Атырау облысына тиесілі. Бір жылда бірден 60,4%-ға қымбаттаған. Одан кейін баға өсімі Түркістан (28,2% қымбаттаған), Қарағанды ​(21,9% қымбаттаған), Шығыс Қазақстан (19,9% қымбаттаған) және Павлодар (19% қымбаттаған) облыстарында тіркелген. Ең аз жылдық баға өсімі Алматы облысында  – 5,3%. Қызмет көрсету түрлері бойынша мектепке дейінгі және бастауыш білім — 11,1%, орта білім — 9,6%, кәсіптік орта білім — 20,2%, жоғары білім — 17%, ересектерге арналған білім 15,9% қымбаттады. 2022 жылдың үшінші тоқсанында білім беру саласында көрсетілген қызмет көлемі 949,8 млрд теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 17,4%-ға көп. Білім беру қызметтерінің басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен көрсетілді — 836,6 млрд теңге. Тағы 90,4 млрд теңгені халық төлесе, 22,9 млрд теңгені кәсіпорындар төледі. Білім беру түрлері бойынша қызметтердің құндық мәндегі ең үлкен көлемі негізгі және жалпы орта білім беру саласына тиесілі – 444,9 млрд теңге, бір жыл бұрынғыдан 12,5% көп. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында көрсетілген қызмет көлемі 158,7 млрд теңгеге, жоғары білім беру саласында 110,2 млрд теңгеге жетті.