Көмек көрсеткен: Павлодарда оқыс оқиға адам өлімімен аяқталды (ВИДЕО)

Көмек көрсеткен: Павлодарда оқыс оқиға адам өлімімен аяқталды (ВИДЕО)

Көмек көрсеткен: Павлодарда оқыс оқиға адам өлімімен аяқталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Оқиға 2022 жылдың шілдесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, Виталий Чеботков достарымен бірге кешкі уақытта, аулада ішімдік ішіп отырған. Осы кезде әйелдердің арасында жанжал шығып, соңы төбелеске жалғасқан деп хабарлады tyrkystan.kz. Чеботков әйелдердің бірін төбелестің алдын алу үшін ұстап тұрған. Сол кезде көшеде өтіп бара жатқан 36 жастағы ер адам, әйелге күш қолданып жатыр деп ойлап, ұрып жіберген. Марқұм жерге құлап, басымен асфальтқа соғылған. Ол 20 күн бойы комада жатып, алған ауыр жарақатынан қайтыс болған. Белгілі болғандай, соттың шешімімен соққы жасаған ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ марқұмның әйелі мен анасына моральдық өтемақы төлеуі талап етілді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Turkystan.kz (@turkystan_kz)