Жол ережесін бұзған «VIP-казашка» ұсталды

Жол ережесін бұзған «VIP-казашка» ұсталды

Жол ережесін бұзған «VIP-казашка» ұсталды
ашық дереккөзі
Ел арасында «VIP-казашка» деп танылып кеткен Қаскелең қаласының тұрғыны жол ережесін тағы бұзып, оны видеоға түсірген деп хабарлады turkystan.kz. Былтыр қараша айында жол ережесін бұзып, кейін кешірім сұраған қыздың видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Ол тікелей эфирге шығып, көлікті сақтандырусыз жүргізгенін, бірақ келесі күні айыппұл төлегенін айтқан. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Қаскелең қаласының тұрғыны ұсталды. Оның көлігі айып тұрағына қойылған. Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысының тұрғыны жалған VIP құжат сатып алып, бірнеше рет жол ережесін бұзған. Бұл туралы видеоны ол әлеуметтік желіде жариялаған.