Samsung Galaxy Note 7 смартфондарының жарылу себебі белгілі болды

Samsung Galaxy Note 7 смартфондарының жарылу себебі белгілі болды

Samsung  Galaxy Note 7 смартфондарының жарылу себебі белгілі болды
ашық дереккөзі

Samsung компаниясы Galaxy Note 7 смартфондары аккумуляторларының өздігінен жарылу себебін жария етті. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Samsung смартфондағы ақаулар үшін бар жауапкершілікті өз мойнына алып, оған себеп «аккумуляторларды жобалаудағы және құрылғыны жинаудағы технологиялық процестердің кемшіліг» болғанын атап өтті. Агенттіктің хабарлауынша, 700 зерттеуші мен инженерлер 200 мыңнан астам құрылғы мен 30 мыңнан астам аккумуляторды сынақтан өткізген.

Еске сала кетейік, қазан айының басында Samsung Electronics Galaxy Note 7 смартфондарын өндіруді уақытша тоқтатты. Galaxy Note 7 Оңтүстік Кореяда 19 тамыздан бастап сатыла бастады. Смартфондардың қуаттау кезінде жана бастауы туралы ақпараттар түсе бастағаннан кейін, қыркүйек айының басында әлемдік нарықтан олардың 2,5 миллион данасы кері қайтарылды. Атап айтқанда, АҚШ, Тайвань, Оңтүстік Корея елдерінің нарығынан алынды.