Ташкентте қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлейтін мейрамхана бар

Ташкентте қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлейтін мейрамхана бар

Ташкентте қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлейтін мейрамхана бар
ашық дереккөзі
Мейрамхана иесі – жергілікті қандасымыз Әбдірасул Тастанов. Ташкенттен 20 шақырым жердегі Қыбырай ауданына қарасты Мехнат ауылында орналасқан. Оның бұл кәсіппен айналысып жүргеніне 4 жылдан асқан. «Хабар 24» арнасының мәліметінше, ол ұлттық тағамды өзіндік әдіспен дайындайды. Мейрамхана қазанында күніне 500-600 келі ет асылады. Қазы-қарта, жал-жаясымен табақ тартылады. Кәсіпкер басты ингредиент ет болғандықтан,  оны кез келген жерден ала бермейтінін айтты. Қыста тек қолда бапталған жылқы етін пайдаланады.  width=
«Қонақтар отыратын киіз үйдің ұзындығы 20 метр, ені 6 метр. 100 кісі сияды. Үлкен банкеттер өткіземіз. Енді Ташкент қаласында ашуды жоспарлап отырмын. Қазақтың ұлттық тағамын Өзбекстан еліне танытқым келеді», - деді ол.
Мейрамханаға елдің түкпір-түкпірінен арнайы, дәм татуға келетіндер көп екен.
«Мұнда жиі келіп тұрамын. Блогер болғандықтан түрлі елдің асханасынан дәм татқым келеді. Қазақтың ұлттық тағамдары ерекше әсер қалдырды. Қазақы дәмді аңсаған ағайын үшін таптырмас орын. Қыс мезгілінде келушілер көп. Жаңа піскен ет пен сорпа күш береді. Оның құрамында адамның ағзасына қажетті барлық дәрумен барын енді білдім», - дейді өзбекстандық блогер Абудхожа Мұсахожаев.
Әбдірасулдың тағы бір асқақ арманы бар. Кәсібін Қазақстанда жалғастырғысы келеді. Әріптес достары елорда төрінде мейрамхана ашуды ұсынған. Бір ғана әлеуметтік желідегі парақшасында 225 мың оқырманы бар қазақ мейрамханасы Ташкентте өте танымал.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Mehnat Besbarmaq Tashknet (@mexnatbesbarmaq)