Биыл Қарағанды облысындағы 8 ауылда жол жөнделеді

Биыл Қарағанды облысындағы 8 ауылда жол жөнделеді

Биыл Қарағанды облысындағы 8 ауылда жол жөнделеді
ашық дереккөзі
Қарағанды облысындағы Нұра ауданының сегіз ауылында жол жөнделіп, су құбыры желілері салынады, - деп хабарлады turkystan.kz.  Нұра ауданында «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 2023 жылы Егінді, Байтуған, Ахмет, Көбетей, Заречное, Тассуат, Мыңбаев және Алғабас ауылдарының орамішілік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ екі ауылда су құбыры желілерін салу жоспарға енгізілген. «Мемлекет басшысының халықты сапалы ауызсумен жүз пайыз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындаймыз. 2022 жылы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу 94,6%-ды құрады. 2025 жылға дейін 98%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Биыл Жараспай және Құланөтпес ауылдарында су құбыры желілері салынады. Сонымен қатар Ізенді ауылында су құбыры желілерін салу мәселесі шешіледі», - деді Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов. Ол ауданда тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және елді мекендерді абаттандыру жалғасатынын атап өтті. «Ауыл - Ел бесігі» жобасы бойынша Байтуған және Заречное ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарын биыл аяқтау жоспарда бар.