Роналду карьерасындағы ең үлкен жеңісті атады

Роналду карьерасындағы ең үлкен жеңісті атады

Роналду карьерасындағы ең үлкен жеңісті атады
ашық дереккөзі
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду карьерасындағы есте қалған ең маңызды сәтті атады деп жазды turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл оқиға 2013/14 маусымындағы чемпиондар лигасында болған.
«Мадридтік «Реал» әрдайым чемпиондар лигасы туралы ойлайды. Жыл сайын қысым артып отырды, бірақ «Десима» (10 рет ұту) біз қалағанымызға жеткен сәт болды. Бұл – ең үлкен жеңіс. «Реалмен» бірге жеткен «Десима» – менің есімде мәңгі қалатын сәт, оны ешқашан ұмытпаспын. «Реалмен» келісімшартқа отырсаңыз, чемпиондар лигасында жеңіске жетуге құштарлық бойыңызды билеп алады, оныншы рет жеңіске жетуге бәрі құштар болды. Әр жанкүйердің де қалағаны осы еді. Бұны бәріміз қаладық», – дейді Роналду.