Жалдамалы пәтерде тұратын дәрігерлер баспаналы болды

Жалдамалы пәтерде тұратын дәрігерлер баспаналы болды

Жалдамалы пәтерде тұратын дәрігерлер баспаналы болды
ашық дереккөзі
Астанадағы ғылыми орталықтарға еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы шақырылған білікті мамандар жалдамалы пәтерден басыбайлы баспаналарына қол жеткізді деп хабарлады turkystan.kz. «AMANAT» партиясы Астана қаласындағы «Өркениет» филиалының атқарушы хатшысы Мария Мұхтарқызының бастамасымен елордада 256 дәрігерге мемлекеттік бағдарламамен берілген жалдамалы пәтер қызметкерлердің меншігіне өтті.
«AMANAT» партиясына шексіз алғысымды білдіремін! Себебі, елімізде баспанаға деген қолжетімділіктің аздығы – ең өзекті мәселелердің бірі. Түйіткілді болғанымен, уақыт өткен сайын шешімін тауып келеді. Сонымен қатар көмекке мұқтаж отбасыларға, көпбалалы отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіліп жатқанына куәмін. Тіпті, 1-сыныпқа баратын балаларыма дейін арнайы сыйлықтар қарастырылған. Бұл – «AMANAT» партиясының халыққа қамқоршы болатындығының нақты бір дәлелі, - деді жоғарғы санатты дәрігер Бақытқали Ибраимов.
 width=