AMANAT партиясы балаларға қысқы демалыс ұйымдастырып берді

AMANAT партиясы балаларға қысқы демалыс ұйымдастырып берді

AMANAT партиясы балаларға қысқы демалыс ұйымдастырып берді
ашық дереккөзі
AMANAT партиясының Қостанай облыстық филиалы Ақмола облысының «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында қысқы демалысын өткізіп жатқан 53 балаға партияластар атынан тәтті сыйлықтар табыс етті деп хабарлады turkystan.kz. Партия қызметкері Болат Сұлтанов балалар мен лагерь ұжымын жаңа жылмен құттықтап, партияластардың жылы лебізін жеткізді.
«Біз партия төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың қолдауымен Екібастұз қаласынан келген балаларға арнап қысқы демалыстарды ұйымдастырудамыз. Апатты жағдай болды дегенді естігенде баршамыздың қабырғамыз қайысты. Бүгін, міне, табиғаты көркем, таза ауада демалып жатсыздар. Сіздерге ұмытылмас, жақсы демалыс тілеймін», - деді ол.
 width= Өз кезегінде қалың қарағайлы орманның ортасында орналасқан «Звездный» балаларды сауықтыру орталығының директоры ұжым атынан алғысын айтты.
«Балалар қысқы демалыстарын жақсы өткізуде. Таңғы 8 жарымнан бастап әр сағатқа бағдарлама дайындалған. Оның ішінде мұз айдынында сырғанау, жаңажылдық ойындар бар. Біздің демеуші Қостанай облысындағы партияластарға айтар алғысымыз шексіз», - деді Сергей Урываев.
Екібастұз қаласынан келген Диас Жұмабаев демалыс орнынан алған әсерлерімен бөлісті. Оның айтуынша, лагерьдегі демалыс естен кетпес естеліктермен сақталмақ.
«Мен 7-сыныпта оқимын. Бурабайға поездбен ұзақ жүріп келдік. Бірақ келгеніме еш өкінбеймін. Лагерьде өзіме жаңа достар тауып үлгердім. Достарымызбен далада мұзда сырғанап, уақытты көңілді өткізудеміз. Бүгін бізге Қостанайдың Баян сұлу кәмпиттерін сыйлады. Көп рахмет», - деді ол.
 width= Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды. 28 қараша күні қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Оқушылар онлайн оқуға көшірілді.