Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Тұрсынбек Қабатов – «Хабар» агенттігінің креативті продюсері болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар» Агенттігі АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли әлеуметтік парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Белгілі өнер қайраткері Тұрсынбек Қабатов бүгіннен бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның креативті продюсері ретінде қызметке кірісті. Бойындағы таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында халықтың ықыласына бөленген Тұрсынбек Аманғалиұлы қолға алған кез-келген жоба табысты болып жатады. Ол әдемі қалжыңы арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, әрдайым көпшіліктің көкейіндегіні айтып жүретіні белгілі. Оның ішінде отандық телеарналардағы «Әзіл әлемі», «Көңілді тапқырлар алаңы» сияқты жобалары көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие. Тұрсынбек Аманғалиұлы жаңа қызметінде көрерменнің көзайымына айналатын тың, қызықты жобаларды әзірлеумен және үйлестірумен айналысады. Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз» деп жазды ол.