Ақтауда жарылыс болып, 2 адам жансақтау бөліміне түсті

Ақтауда жарылыс болып, 2 адам жансақтау бөліміне түсті

Ақтауда жарылыс болып, 2 адам жансақтау бөліміне түсті
ашық дереккөзі
Дәулет ауылында орналасқан «BBJ GROUP» ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай тиелген вагон цистерна жарылып, өртеніп кеткен. Салдарынан екі адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілген деп хабарлады turkystan.kz taulik.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өрт толығымен сөндірілді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр», – деді ТЖД.
Облыстық көпсалалы аурухана дәрігерлерінің айтуынша, жарақат алған екі адамның жағдайы ауыр. 1989 жылы туған жәбірленуші басы, беті және мойынының термиялық күйігін алған, екі қолының 15%-ы күйген. Екінші зардап шеккен азамат 1981 жылы туылған бас сүйек-ми жарақатын алған, денесінде үшінші дәрежелі термиялық күйіктері бар екен.