Хайуанаттар бағы қызметкеріне аю шабуыл жасады

Хайуанаттар бағы қызметкеріне аю шабуыл жасады

Хайуанаттар бағы қызметкеріне аю шабуыл жасады
ашық дереккөзі
Өзбекстан Республикасы Андижан қаласындағы хайуанаттар бағының қызметкеріне аю шабуыл жасаған. Салдарынан қызметкер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады  turkystan.kz. Оқиға 3 қаңтар, сағат 16:00 шамасында "Усмонобод Файзи" ЖШС жеке хайуанаттар бағында болды. Қызметкер аюды тамақтандыру үшін қоршауына кірген. Кенеттен жабайы аң адамға секіріп, шабуыл жасаған. "Қазіргі таңда хайуанттар бағы қызметкерінің қайтыс болу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қожаабад ауданы ІІБ жанындағы тергеу тобы тергеуге дейінгі тексеру жүргізеді", - деді жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі.