Тамақ өнімдері ретінде Қазақстан аумағына кірген 16 тонна апиын анықталды

Тамақ өнімдері ретінде Қазақстан аумағына кірген 16 тонна апиын анықталды

Тамақ өнімдері ретінде Қазақстан аумағына кірген 16 тонна апиын анықталды
ашық дереккөзі
ҰҚК өңірлерде ірі көлемде көкнәр шикізатын сату қылмысына қатысы бар есірткімен айналысатын топтың жолын кесті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі мәлімдеді. Жедел зерделеу жұмысының нәтижесінде Петропавл қаласында есірткі қылмысына қатысты топтың көмекшілері ұсталып, 5,5 тоннаға жуық апиын түрі алынды. Осы операцияның екінші кезеңі барысында Өскемен қаласында 1 тонна көкнәр шикізатын алу үстінде есірткі курьері ұсталды. Дәл осы уақытта, Қарағанды қаласында жалға алған қоймаларда 10 тоннадан аса есірткі шикізатын сақтап келген есірткі қылмысына қатысты топтың ұйымдастырушылары ұсталды. Бұған қоса, тінту шаралары барысында есірткі қылмысына қатысты топ қатысушыларынан жарақаттаушы және суық қару, сонымен қатар ірі көлемде ақшалай заттар табылып, алынды.

 

Алдын ала тергеу анықтағандай, аталған апиын тамақ өнімдері түрінде шетелден Қазақстан аумағына кіргізіліп, есірткіге тәуелді ортада саудаланған. Жалпы, қолға түскен есірткі көлемі 16 тоннадан асты. Одан әрі жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. Есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмысы жалғасуда.