Ерлан Қарин жаңадан тағайындалған екі жас министрге қатысты пікір білдірді

Ерлан Қарин жаңадан тағайындалған екі жас министрге қатысты пікір білдірді

Ерлан Қарин жаңадан тағайындалған екі жас министрге қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
50253
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қоғамда қызу талқыға түскен екі жас министр – Асхат Оралов пен Зүлфия Сүлейменоваға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
Әлеуметтік желілердегі реакцияларға қарағанда, соңғы кадрлық ауыс-түйістер көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Осы орайда, жаңа ведомства басшылары Асхат Оралов пен Зүлфия Сүлейменованың Президенттік жастар кадр резервінің құрамында екенін айтқым келеді. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы құрылды.  Қазіргі таңда Үкіметтің үш министрі резервтің мүшесі. Бүкілі 350 резервшінің 258-і әртүрлі жауапты лауазымдарға тағайындалды. Оның 34-і «А» корпусының мемлекеттік саяси және мемлекеттік қызметшілері (аппарат басшылары, комитет төрағалары). Осылайша жас мамандарды басшылық қызметке көтеру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Кадрлық резерв жобасын одан әрі іске асыру президенттік сайлау бағдарламасының басым бағыттарының бірі” деп жазды Мемлекеттік кеңесші. 

Серіктес жаңалықтары