Қостанайда 82 ауыл қар астында қалды

Қостанайда 82 ауыл қар астында қалды

Қостанайда 82 ауыл қар астында қалды
ашық дереккөзі
Қостанай облысында екі күнде жауынның айлық нормасының 40%-ы жауып, 82 ауыл қар астында қалды деп хабарлады turkystan.kz «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. Облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды. Мұнда құтқарушылар мен полицейлер 29 бекет ұйымдастырған.
«Боран салдарынан облыстың 13 ауданындағы 82 елдімекенге баратын жол жабық. Біздегі ақпаратқа сәйкес, мұнда 68 жүкті әйел тұрады. Тұрғындар арасында медициналық көмекті қажет ететіндер жоқ. Барлық азаматтармен байланыс ұйымдастырылды», – деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Азамат Орымбаев.
Айта кетейік, апта соңына дейін аймақта қар жауып, қатты жел күтіледі. Кейін -30 градусқа дейін аяз болады деген болжам бар.